Қызылорда облысында көшеде соқтығысқан екі көлік өртенді

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.
"Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан "Audi 100" және "Daewoo Nexia" көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0