Новосібір қаласына рейстер уақытша тоқтатылды

Самолет Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қазан - Sputnik. Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы ресейлік авиация билігінің тиісті рұқсаттарды бермеуіне байланысты Новосібір қаласына рейстерді тоқтатқанын хабарлады.

"Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының Астана – Новосибирск, Өскемен – Новосібір бағыттары бойынша халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Жолаушыларға билеттер құны толығымен қайтарылады.
"Туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Біз барлық жолаушыларды кестедегі бұдан әрі ықтимал өзгерістер туралы хабардар етеміз. Qazaq Air қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды орындайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0