Алматы және Астанада мефедрон таратқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы күдікті
күдікті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Алматы мен Астанада ұзақ уақыт бойы мефедрон жасап, оны таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.Топтың құрамында 4 адам болған, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Тексеру барысында Алматыдан Астанаға автокөліктердің қосалқы бөлшектеріне жасырылған психотроптық заттарды күдік ұялатпайтын жеке тасымалдаушылар арқылы жеткізіп жүргендері анықталды.
Сондай-ақ Алматы көлік полициясының қызметкерлері психотроптық заттарды жасайтын зертхананы анықтады. Зертхана гаражда жасырылған. Онда 26-дан астам құрал-жабдық, есірткі дайындауға арналған 500 литр химиялық концентрат және 1 келіден астам дайын дәрі-дәрмек тәркіленді.
"Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады, барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев.
Қылмыстық топ мүшелерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Көліктегі ІІБ тергеу басқармасының қызметкерлері "Бүркіт" күштерін тарта отырып, бір уақытта екі қалада қолға түсірді.
Жаңалықтар
0