"Қарным аш": Астанада 14 жастағы бала бейтаныс адамның картасынан ақша ұрлап алған

© Sputnik / Владислав ВодневМальчик идет по улице с телефоном в руках
Мальчик идет по улице с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Жасөспірім елорда тұрғынын алдап, оның телефонындағы қосымша арқылы досының шотына ақша аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.
14 жастағы жасөспірім кешкі уақытта көшеде бейтаныс адамға жақындап келіп, оған қатты аш екенін айтып, бәліш сатып алып беруді өтінген. Баланы аяған ер адам оны дүкенге алып барып, өтінішін орындайды. Осы уақытта ол ер адамның қосымшаға кіру паролін көріп алған.
Содан көшеге шыққаннан кейін жасөспірім одан қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Қала тұрғыны оған ұялы телефонын береді, кішкентай қаскүнем қосымшаға кіріп, досының картасына 122 мың теңге аударған. Аударым жасағаннан кейін ол телефонды қайтарып берген. Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Бала ақшаны жұмсап үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Жасөспірім өзінің кінәсін мойындады. Ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.
Жаңалықтар
0