Көлік жуушы клиенттің автокөлігін ұрлап әкетіп, зират қоршауын бұзды

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Алматыда көлік жуу орнында жұмыс істейтін 28 жастағы Өзбекстан азаматы клиенттің көлігін ұрлап әкетіп, зираттағы қоршауға соғылған, деп хабарлады Polisia.kz.
"Ол қаланы білмегендіктен зиратқа кіріп кетіп, рөлді басқара алмай, қоршауды бұзған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, қабірлер де бүлінбеген. Мұны зират күзетшісі байқап, дереу полицияға хабарлаған. Полиция қашып кетпек болған жігітті дер кезінде ұстады. Ер адам мас болған", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.
Көлік иесі жол талғамайтын көлігінің бамперін сырлату үшін техникалық қызмет көрсету орталығына қалдырған, орталық жұмысшылары көлікті жууды ұйғарып, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап барған. Тәртіп бұзушы көлікті сол жерден мініп кеткен.
Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жүргізу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жаңалықтар
0