https://sputnik.kz/20221029/elde-zhuykesi-zhuqargan-bala-kobeygen--mamandar-dabyl-qagyp-otyr-28876295.html
Елде жүйкесі жұқарған бала көбейген – мамандар дабыл қағып отыр
Елде жүйкесі жұқарған бала көбейген – мамандар дабыл қағып отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық ауруға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке өскен. Елорданың... 29.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-29T10:07+0500
2022-10-29T10:07+0500
2022-10-29T10:11+0500
балалар
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18654222_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_3d24f5558f80190b93d283f1b6114241.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық ауруға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке өскен. Елорданың өзінде 3 мыңға жуық бала ресми тіркеуде тұр. Олардың қатары пандемиядан кейін арта түсіпті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Астана қаласы бойынша 19 мың адам психикалық ауруға шалдыққан. Оның 3 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған балалар. Жүйкесі сыр берген 440 жасөспірім қазір шаһардағы психикалық орталықта емделіп жатыр."Бізді мазалап отырған жәйт, бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық ауытқулардың өсуі. 14-15 пайызға өсіп отыр", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының міндетін атқарушы Гауһар Бектаева.Елімізде психикалық денсаулық "қазаны" жабулы күйде тұр. Кейбірі, тіпті, мұндай аурудың бар екенін де білмейді. Енді бірі баланың бойындағы өзгерісті байқай тұра, психотерапевт көмегіне жүгінуді ұят санайды. Салдарынан бүкіл әлемде бұл дерттің жастар арасында таралуы үдей түсті, дейді дәрігерлер.Психолог Лаура Жексембаева керісінше, қазір психологтың көмегіне жүгінетін ата-ана қатары артқанын айтты. Бірақ барлық отбасы емес, жастар ғана жүгінетінін жеткізді."25-35 жас аралығындағы ата-аналар қазіргі балалардың психикалық жағдайына көбірек көңіл бөлуде. Психологқа жүгініп, алып келеді. Тіпті, баланың мінез-құлқында бір оңашалану, араласпай қою, сондай өзгешеліктерді байқаса бірден психологқа әкеліп жатады. Ал 35 жастан асқан ата-аналар кішкене қиындау. Олар оны қалыпты жағдай деп есептейді көбінесе немесе менің балам дұрыс емес, өзі сондай, әдейі істейді деп ойлайды", - дейді ол.Мамандар жағдайға нақты не себеп болып отырғанын айта алмады. Дегенмен балаға ата-ана тарапынан көңіл бөлінбеудің де салқыны тиіп жатыр деп есептейді. Мұны елордалық Серік Төкеев та құптайды."Үйге барсаң бала бір телефонда, әйелің бір телефонда, басқалар бәрі бір-бір телефонда отырады. Бұрынғыдай "общение" жоқ. Бала тәрбиесіне әсері осы деп ойлаймын. Мысалы, балаға көп көңіл бөлу керек қазір", - дейді ол. Жүйкесі сыр берген жасөспірім қылмыс жасап, керек десең өз-өзіне қол жұмсаудан да тайынбайды. Сондықтан мамандар ата-аналарға баласының бойынан қандай да бір оғаш қылықты, ауытқуды байқаса, бірден дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынады. Бұл оқыс жағдайдың алдын алудың алғышарты екенін ескертеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18654222_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_7c4a2332d46643c59a77d74c513aa196.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық ауруға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке өскен. Елорданың өзінде 3 мыңға жуық бала ресми тіркеуде тұр. Олардың қатары пандемиядан кейін арта түсіпті, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы. Астана қаласы бойынша 19 мың адам психикалық ауруға шалдыққан. Оның 3 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған балалар. Жүйкесі сыр берген 440 жасөспірім қазір шаһардағы психикалық орталықта емделіп жатыр.
"Бізді мазалап отырған жәйт, бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық ауытқулардың өсуі. 14-15 пайызға өсіп отыр", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының міндетін атқарушы Гауһар Бектаева.
Елімізде психикалық денсаулық "қазаны" жабулы күйде тұр. Кейбірі, тіпті, мұндай аурудың бар екенін де білмейді. Енді бірі баланың бойындағы өзгерісті байқай тұра, психотерапевт көмегіне жүгінуді ұят санайды. Салдарынан бүкіл әлемде бұл дерттің жастар арасында таралуы үдей түсті, дейді дәрігерлер.
"Себебі көбі психотерапиялық денсаулыққа назар аудармайды. Көбі теріс тәрбие алады. Мысалы, біздің халықта "шыда" дейді. Әртүрлі күйзелістер болса, әртүрлі қиыншылықтар мен психотерапиялық соққылар алып отырса да, ол адам шыдайды", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Тоқтар Қойшыбеков.
Психолог Лаура Жексембаева керісінше, қазір психологтың көмегіне жүгінетін ата-ана қатары артқанын айтты. Бірақ барлық отбасы емес, жастар ғана жүгінетінін жеткізді.
"25-35 жас аралығындағы ата-аналар қазіргі балалардың психикалық жағдайына көбірек көңіл бөлуде. Психологқа жүгініп, алып келеді. Тіпті, баланың мінез-құлқында бір оңашалану, араласпай қою, сондай өзгешеліктерді байқаса бірден психологқа әкеліп жатады. Ал 35 жастан асқан ата-аналар кішкене қиындау. Олар оны қалыпты жағдай деп есептейді көбінесе немесе менің балам дұрыс емес, өзі сондай, әдейі істейді деп ойлайды", - дейді ол.
Мамандар жағдайға нақты не себеп болып отырғанын айта алмады. Дегенмен балаға ата-ана тарапынан көңіл бөлінбеудің де салқыны тиіп жатыр деп есептейді. Мұны елордалық Серік Төкеев та құптайды.
"Үйге барсаң бала бір телефонда, әйелің бір телефонда, басқалар бәрі бір-бір телефонда отырады. Бұрынғыдай "общение" жоқ. Бала тәрбиесіне әсері осы деп ойлаймын. Мысалы, балаға көп көңіл бөлу керек қазір", - дейді ол.
Жүйкесі сыр берген жасөспірім қылмыс жасап, керек десең өз-өзіне қол жұмсаудан да тайынбайды. Сондықтан мамандар ата-аналарға баласының бойынан қандай да бір оғаш қылықты, ауытқуды байқаса, бірден дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынады. Бұл оқыс жағдайдың алдын алудың алғышарты екенін ескертеді.