Тоқаев ТМД елдеріндегі сауда кедергілерін жоюға шақырды

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде экономикалық серіктестікті кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Ақорда.
"Жуырда ТМД-ға мүше елдердің басшыларының саммиті өтті. Біз өзара ынтымақтастықты арттыруға, экономиканың әлеуетін нығайтуға деген ортақ ниетімізді білдірдік", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісе түскен геосаяси қайшылықтарға, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды.
"Бұл ретте өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады", – деді президент.
Мемлекет басшысы кедергілерді жоюға, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастыруға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.
"Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын "Солтүстік – Оңтүстік" бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Астанада өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы Достастыққа мүше елдердің алдында тұрған міндеттерді шешуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті
Жаңалықтар
0