https://sputnik.kz/20221028/mangystaulyq-kasipkerler-gaz-tartu-maselesine-arasha-suraydy-28868574.html
Маңғыстаулық кәсіпкерлер газ тарту мәселесі бойынша араша сұрайды
Маңғыстаулық кәсіпкерлер газ тарту мәселесі бойынша араша сұрайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында бизнес нысандар мен тұрғын үйлерге газ желісін тартумен айналысатын кәсіпкерлер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысына... 28.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-28T19:15+0500
2022-10-28T19:15+0500
2022-10-29T08:03+0500
газ құбыры
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_dba34b3eebfa01b4461eb02e3b455283.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында бизнес нысандар мен тұрғын үйлерге газ желісін тартумен айналысатын кәсіпкерлер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысына риза емес, деп хабарлайды "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.Компанияның Маңғыстау облысындағы филиалы нысандарға газ қосу үшін рұқсат беретін 4 құжаттың орнына 15-ін талап етіп, іскерлерді әуре-сарсаңға салуын тоқтатар емес. Қағазбастылықтан шаршаған іскерлер заңмен белгіленген 4 құжат еліміздің басқа өңірлерінде жарамды болса да, неге Маңғыстауға жарамсыз екенін түсінбей дал. "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалы заңда көзделмеген құжаттарды, атап айтқанда, өтініш берушінің құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тіркелген объектіні пайдалануға қабылдау актісін, газ тарату желілері мен газ тұтыну жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шартын және т.б. қосымша 11 құжатты талап етуде. Соның салдарынан дайын тұрған нысандарды тапсыру кешіктірілуде екен.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_33e2ed44861374296415ce8d8487b34c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ құбыры, маңғыстау облысы
газ құбыры, маңғыстау облысы
Маңғыстаулық кәсіпкерлер газ тарту мәселесі бойынша араша сұрайды
19:15 28.10.2022 (жаңартылды: 08:03 29.10.2022) АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында бизнес нысандар мен тұрғын үйлерге газ желісін тартумен айналысатын кәсіпкерлер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысына риза емес, деп хабарлайды
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Компанияның Маңғыстау облысындағы филиалы нысандарға газ қосу үшін рұқсат беретін 4 құжаттың орнына 15-ін талап етіп, іскерлерді әуре-сарсаңға салуын тоқтатар емес. Қағазбастылықтан шаршаған іскерлер заңмен белгіленген 4 құжат еліміздің басқа өңірлерінде жарамды болса да, неге Маңғыстауға жарамсыз екенін түсінбей дал.
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалы заңда көзделмеген құжаттарды, атап айтқанда, өтініш берушінің құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тіркелген объектіні пайдалануға қабылдау актісін, газ тарату желілері мен газ тұтыну жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шартын және т.б. қосымша 11 құжатты талап етуде. Соның салдарынан дайын тұрған нысандарды тапсыру кешіктірілуде екен.