https://sputnik.kz/20221028/atyrauda-balabaqshaga-oyran-salgan-zhas-buzaqylardyn-ata-anasy-zhazalandy-28867030.html
Атырауда балабақшада ойран салған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды
Атырауда балабақшада ойран салған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Құлсары қаласындағы балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының... 28.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-28T21:53+0500
2022-10-28T21:53+0500
2022-10-29T08:06+0500
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_0:66:3068:1792_1920x0_80_0_0_60b62fdd21fb57274ac209ab31b08a6b.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Құлсары қаласындағы балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салды, деп хабарлайды Ақжайық.Еске салсақ, бұл сұмдық оқиға қазан айының басында болды. Содан кейін әлеуметтік желіде мектепке дейінгі мекемеге жасалған шабуыл салдары туралы видео тараған болатын. Жылыой ауданының полицейлері 6-7-сыныптың алты оқушысының жергілікті балабақшаға кіргенін, есіктің әйнегін сындырып, гүлдерді, жиһаздарды, ойыншықтарды шашып, өрт сөндіргіштерді қиратқанын анықтады. Сонымен жасөспірімдердің ата-аналары "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін" (ӘҚБтК-нің 127-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналар балалардың кінәсін мойындап, ең төменгі айыппұл салуды сұраған. "Кінәні мойындаған кезде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға азайтуға құқылы. Сот құқық бұзушылықтың сипатын, заңды өкілдерінің жеке басын, олардың құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 21 441 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза шығарды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_841235cd16a053413506ad5341191e65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы
Атырауда балабақшада ойран салған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды
21:53 28.10.2022 (жаңартылды: 08:06 29.10.2022) АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Құлсары қаласындағы балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салды, деп хабарлайды
Ақжайық. Еске салсақ, бұл сұмдық оқиға қазан айының басында болды. Содан кейін әлеуметтік желіде мектепке дейінгі мекемеге жасалған шабуыл салдары туралы видео тараған болатын. Жылыой ауданының полицейлері 6-7-сыныптың алты оқушысының жергілікті балабақшаға кіргенін, есіктің әйнегін сындырып, гүлдерді, жиһаздарды, ойыншықтарды шашып, өрт сөндіргіштерді қиратқанын анықтады.
Сонымен жасөспірімдердің ата-аналары "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін" (ӘҚБтК-нің 127-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналар балалардың кінәсін мойындап, ең төменгі айыппұл салуды сұраған.
"Кінәні мойындаған кезде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға азайтуға құқылы. Сот құқық бұзушылықтың сипатын, заңды өкілдерінің жеке басын, олардың құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 21 441 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза шығарды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.