https://sputnik.kz/20221028/astanada-sheteldikter-ushin-5-molsherinde-turistik-tolem--belgilenedi-28861190.html
Астанада шетелдіктер үшін 5% мөлшерінде туристік төлем белгіленеді
Астанада шетелдіктер үшін 5% мөлшерінде туристік төлем белгіленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астанада алты айға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекітуді ұсынып отыр. Елорда мәслихаты шешімінің жобасы "Ашық НҚА"... 28.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-28T14:22+0500
2022-10-28T14:22+0500
2023-08-09T12:39+0500
қоғам
астана
салық
туристер
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25889112_0:542:2018:1677_1920x0_80_0_0_418ec81adeae243e16b35e2abad1920e.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астанада алты айға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекітуді ұсынып отыр. Елорда мәслихаты шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана да 2022 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер санының 2,3%-ке (18 673 адамға) азайған. Сондай-ақ, 2022 жылғы II тоқсанында 93,4%-ке өсті (67 564 адам). "Жоғарыда аталған тиісті статистикалық мәліметтер негізінде 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін, оның ішінде тұру құнының 5 (бес) проценті мөлшерінде бекіту ұсынылады", – деп жазылған жобада. Бұған дейін шетелдік туристер елордаға келгені үшін ақы төлемейтін. Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны азайған жағдайда мөлшерлеме мынандай көлемде төмендетіледі: Бұл ретте бір жыл ішінде шетелдіктерге арналған туристік алым мөлшерлемесі тиісті статистикалық деректерге және (немесе) маусымдылыққа байланысты сараланады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25889112_0:352:2018:1866_1920x0_80_0_0_172f58622dffc75fbdc1ddf6a8965f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, салық, туристер
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астанада алты айға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекітуді ұсынып отыр. Елорда мәслихаты шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана да 2022 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер санының 2,3%-ке (18 673 адамға) азайған. Сондай-ақ, 2022 жылғы II тоқсанында 93,4%-ке өсті (67 564 адам).
"Жоғарыда аталған тиісті статистикалық мәліметтер негізінде 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін, оның ішінде тұру құнының 5 (бес) проценті мөлшерінде бекіту ұсынылады", – деп жазылған жобада.
Бұған дейін шетелдік туристер елордаға келгені үшін ақы төлемейтін.
Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны азайған жағдайда мөлшерлеме мынандай көлемде төмендетіледі:
5-тен 10%-ке дейін – 4% мөлшерінде;
10-нан 15%-ке дейін – 3% мөлшерінде;
15-тен 20%-ке дейін - 2% мөлшерінде;
20% және одан жоғары - тұру құнының 1% мөлшерінде.
Бұл ретте бір жыл ішінде шетелдіктерге арналған туристік алым мөлшерлемесі тиісті статистикалық деректерге және (немесе) маусымдылыққа байланысты сараланады.