Елорда тынысы

"Үздік жас отбасы" байқауының жеңімпаздарына 500 мың теңге беріледі

© Photo : Pixabay / JarmolukАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Елордада "Отбасы – бақыт мекені" жобасы аясында "Үздік жас отбасы" байқауына өтінім басталды. Жеңімпаздар 500 мың теңге сыйақымен марапатталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптының бірі 29 жасқа толмаған болуы шарт) қатыса алады. Ол үшін жас отбасылар "Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек" тақырыбына бейнеролик түсіруі керек. Роликтің ұзақтығы – бір минуттан үш минутқа дейін.
Бірінші орын алған отбасыға 500 мың теңге, екінші орын үшін – 350 мың теңге, үшінші орынға 250 мың теңге беріледі.
Өтініш беру және толығырақ ақпарат алу үшін Telegram арқылы 8777 010 4240 нөміріне хабарласуға болады.
Өтініштер 14 қарашаға дейін қабылданады.
Жаңалықтар
0