Тозығы жеткен инженерлік жүйелер 45 пайызға дейін азаяды

© Sputnik / Тимур НиталиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. 2026 жылға қарай еліміздегі тозған инженерлік жүйелерді 45 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы парламент сенатының "Өңір" депутаттық тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, бүгінде министрлік еліміздің сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың үш негізгі бағыты бойынша жұмыс істеп жатыр.
Жаңа тарифтік саясат шеңберінде желілердің тозу көрсеткіші 15 пайызға дейін төмендетіледі.
"Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 118,6 мың шақырымды құрайды. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 2026 жылға қарай желілердің тозуын 45 пайызға дейін төмендету жоспарланып жатыр. Бұл межеге қол жеткізу үшін министрлік республикалық бюджеттен қаражат бөлудің екі тетігін іске асырмақ", - дейді Тимур Қарағойшин.
Бірінші тетік несие алушы үшін қолайлы шарттармен бюджеттік кредиттеуді қарастырады. Онда жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%; кредиттеу мерзімі – 20 жылға дейін; негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең – 6 жыл; бюджеттік кредитті игеру кезеңі – 2 жыл.
Екінші тетік – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау. Субсидия инвестициялық жобаларды қаржы институттарының қоса қаржыландыру шарттарына сәйкес беріледі.
Айта кетері, аталған екі механизм арқылы 79 табиғи монополия субъектісі қаржыландырылады.
Жаңалықтар
0