https://sputnik.kz/20221027/toqaev-qyrgyzstan-prezidenti-memleketterimiz-tuytkil-28827817.html
Тоқаев Қырғызстан президентіне: мемлекеттеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ
Тоқаев Қырғызстан президентіне: мемлекеттеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне... 27.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-27T15:16+0500
2022-10-27T15:16+0500
2022-10-27T15:16+0500
саясат
қырғызстан
президент
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28827261_358:0:3524:1781_1920x0_80_0_0_d9ae069bc7a9f024657ffa88649c990d.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев Жапаровқа ілтипат білдіріп, Астанада өтетін маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келгеніне ризашылығын білдірді.Садыр Жапаров бүгінгі маңызды кездесуге шақырғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты."Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз қырғыз-қазақ қарым-қатынасын жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекеттеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтаймын", – деді Жапаров.Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарының оң нәтижелерін жоғары бағалады.Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,7 пайызға өскен. Екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ тараптар қазақ-қырғыз қатынастарының көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілерін талқылады.Бүгін, 27 қазан Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28827261_753:0:3128:1781_1920x0_80_0_0_725976e646387a664f3ddac27b5dc255.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, президент
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Жапаровқа ілтипат білдіріп, Астанада өтетін маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келгеніне ризашылығын білдірді.
"Сіздің бұл сапарыңыз маңызды. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету мақсатымен екіжақты кездесу өткізіп отырмыз. Мемлекеттеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы жетістіктеріміз еселеніп, екіжақты серіктестігіміз қарқынды дами береді деп сенемін", – деді Тоқаев.
Садыр Жапаров бүгінгі маңызды кездесуге шақырғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.
"Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз қырғыз-қазақ қарым-қатынасын жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекеттеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтаймын", – деді Жапаров.
Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарының оң нәтижелерін жоғары бағалады.
Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,7 пайызға өскен. Екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ тараптар қазақ-қырғыз қатынастарының көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілерін талқылады.
Бүгін, 27 қазан Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездеседі.