https://sputnik.kz/20221027/qyzylorda-oblysynda-bopsalaumen-aynalysqan-qylmystyq-top-ustaldy-28805411.html
Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ұйымдасқан қылмыстық топ сондай-ақ есірткі саудасымен айналысты деген күдікке ілінді 27.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-27T08:22+0500
2022-10-27T08:22+0500
2022-10-27T08:26+0500
ақша бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
ҚЫЗЫЛОРДА, 27 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы өңірде бопсалаушылардың ұсталғанын хабарлады."Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арнайы жедел іздестіру шаралары барысында Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан ақша мен мүлікті қорқытып тартып алумен және заңсыз есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды", - деп атап өтті ведомство.Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда."Осыған байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар, не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз", - дейді прокуратура қызметкерлері.Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша бопсалау
Қызылорда облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
08:22 27.10.2022 (жаңартылды: 08:26 27.10.2022) Ұйымдасқан қылмыстық топ сондай-ақ есірткі саудасымен айналысты деген күдікке ілінді
ҚЫЗЫЛОРДА, 27 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы өңірде бопсалаушылардың ұсталғанын хабарлады.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті арнайы жедел іздестіру шаралары барысында Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан ақша мен мүлікті қорқытып тартып алумен және заңсыз есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды", - деп атап өтті ведомство.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда.
"Осыған байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар, не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз", - дейді прокуратура қызметкерлері.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.