https://sputnik.kz/20221027/qazaqstan-men-seyshel-araldary-arasynda-tikeley-reys-ashylady-28820989.html
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашылады
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму... 27.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-27T12:53+0500
2022-10-27T12:53+0500
2022-10-27T12:53+0500
рейстер
ұшақ
https://sputnik.kz/img/91/67/916787_0:67:3000:1755_1920x0_80_0_0_e77cc22524102666b9fce049c7638b23.jpg
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Сейшел аралдары Республикасының авиациялық билік орындарымен келіссөз жүргіздіАзаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселелері және оны одан әрі даму жолдары талқыланды.Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, "Эйр Сейшел" ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдер арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/91/67/916787_0:0:3000:2250_1920x0_80_0_0_1e2429263044347b469fb7010320ed60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейстер, ұшақ
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашылады
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Сейшел аралдары Республикасының авиациялық билік орындарымен келіссөз жүргізді
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселелері және оны одан әрі даму жолдары талқыланды.
"Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, меморандум аясында екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындайды", - делінген хабарламада.
Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, "Эйр Сейшел" ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдер арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.