Петропавлда ер адам терезеден құлап кетіп, есін жиған соң пәтеріне қайта кірді

CC0 / StockSnap / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Петропавлда темекі шегіп тұрған ер адам терезеден құлап кетіп, есін жиған соң пәтеріне оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде ер адамның жоғарыдан бірінші қабаттың баспалдағына құлағаны жайлы видео жарияланды. Полицейлер 102-ге терезеден адамның құлап кеткені туралы ақпарат түспегенін, бірақ оқиғаның мән-жайын анықтағанын айтты.

Полицияның мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 38 жастағы тұрғыны бірер күн бұрын Петропавлға жұмыспен келіп, Әуезов көшесі бойындағы үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдаған.
"Өзінің айтуынша, пәтерде жалғыз болған, спирттік ішімдік ішкен. Темекі шегуге балконға шығып, тепе-теңдікті сақтай алмай, төменге құлаған", - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.
Біраздан соң есін жиып, пәтеріне өзі кірген. Дәрігерлерге қаралмаған.
"Ол ешкімге арызданған жоқ. Сол күні түстен кейін автобуспен тұрғылықты жеріне жол тартқан. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы", - деп түйіндеді полицей.
Жаңалықтар
0