Спорт

Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді

© AP Photo / Mark LennihanБоксер Геннадий Головкин
Боксер Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. WBA Super/IBF/IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді. Бұл спортшының соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
GGG келесі жекпе-жегін IBF титулынан үміткер Эскива Фалькаоға (30-0, 20 КО) қарсы өткізеді. Бокс кеші наурыз айында Қазақстанда өтеді деген жоспар бар. Жекпе-жек DAZN стримингтік платформасы арқылы АҚШ-та және Бразилияда көрсетіледі.
"Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізуге келісті. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы @DAZNBoxing-пен трансляция жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр", - деп жазды бразиялиялық журналист Уилсон Балдини.
Айта кетері, жақында WBA мен IBF бірлескен шешім шығарды. Оған сәйкес, осы екі тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті.
Осы жолы келіссөздерге Головкиннің жеке промоушені - GGG Promotions, ал Фалькаоның атынан Боб Арумның Top Rank компаниясы қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0