Ғалымдар көне түркі ескерткіштерінің картасын дайындап жатыр

© Photo : Ярослав ФроловҮлкен Яломан кешені
Үлкен Яломан кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
Ғалымдардың айтуынша, алдағы уақытта түркі ескерткіштерінің электронды картасына Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы аумағында орналасқан нысандар ғана емес, Шығыс Қазақстан нысандары да кіреді
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. "Үлкен Алтайдың түркі әлемі" халықаралық жобасында жұмыс істейтін ғалымдар Алтай аумағында орналасқан ең маңызды түркі ескерткіштерінің картасын жасауды жоспарлап отыр.
Олардың ойынша, бұл түркі халықтары қоныстануының тарихи жолдарын көрсетуге, сондай-ақ экспедиция деректері мен қолда бар каталогтардағы ескерткіштердің қазіргі жағдайымен салыстыруға мүмкіндік береді.
© Photo : Ярослав ФроловҮлкен Яломан кешеніндегі петроглифтерді суретке түсіру сәті
Съемка петроглифов на комплексе памятников Большой Яломан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Үлкен Яломан кешеніндегі петроглифтерді суретке түсіру сәті
"Ұлы Алтай: түркі мұрасы, Ұлаған-2022" үшінші халықаралық экспедициясына қатысушылар осы жұмыстың Қазақстан үшін маңыздылығы туралы айтты. Археологияда қазба жұмыстарынан кейін нысанды реконструкциялау, яғни мүмкіндігінше оның бастапқы келбетін қалпына келтіру әдетке айналған, деп түсіндірді экспедицияға қатысушы, тарих ғылымдарының докторы, Кемерово мемлекеттік университетінің жалпы тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Васютин.
Бірақ Алтайда өткен ғасырдың 1940-1980 жылдарында зерттеліп, қалпына келтірілмеген нысандар өте көп. Кейбір ескерткіштердің сыртқы түрінен қазба жұмыстары жүргізілген-жүргізілмегенін түсіну тіпті қиын.
"Таулы Алтайдағы көне түркі ескерткіштері картасының электронды каталогын жасау үшін нысандарды құжаттандыру идеясы "Үлкен Алтайдың түркі әлемі" жобасының мақсаттары мен қазіргі қажеттілік негізінде туындады: егер мәдени мұра нысандарын қорғау мекемелерінің мәліметтерін қарастыратын болсақ, онда ауданға байланысты Таулы Алтайдағы ескерткіштердің 50-80%-інде мерзімі мен нақты координаттары жоқ", - дейді экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Сергей Грушин.
Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" ҒБО экспедициясы аясында 2022 жылдың тамыз айында республиканың Ұлаған, Оңғұдай және Шебалы аудандарында Ұлы Алтайдың түркі дәуірінің ескерткіштеріне мониторинг және картаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар сонымен қатар фототүсірілімнің төрт түрін жүзеге асырды: қарапайым, квадрокоптер арқылы, панорамалық және жекелеген ескерткіштердің 3D үлгілерін әзірлеуге арналған түсірілім.
© Photo : Ярослав Фролов Калбак-Таш шатқалындағы суреттер
Раннесредневековое изображение. Урочище Калбак-Таш - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Калбак-Таш шатқалындағы суреттер
Ғалымдардың айтуынша, алдағы уақытта түркі ескерткіштерінің электронды картасына Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы аумағында орналасқан нысандар ғана емес, сонымен қатар осы жылдың шілде айында ҒБО ғалымдары қазақстандық әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеген Шығыс Қазақстан нысандары да кіреді.
"Ежелгі түркі мемлекеттерінің тарихы Қазақстанның қалың жұртшылығы үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бұл жоба әсіресе ғалымдар мен мәдени және тарихи мұра ескерткіштерін қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар үшін аса маңызды. Қазақстанда Түркі дәуіріндегі көшпелілер мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу және сақтау дәстүрі қалыптаспаған. Бөлек зерттеулер болды, бірақ қазақстандық ғылым бұл кезеңнің ескерткіштерін зерттеудің өзіндік мектебін қалыптастыра алмады. Қазақстанда бұл дәуір ескерткіштерін зерттеу мен сақтауға бағытталған жалпымемлекеттік бағдарламалар жоқ. "Ұлы Алтай" жобасы ескерткіштерді зерттеу мен сақтауға арналған жүйелі шараларды әзірлеуде, сондай-ақ түркі дәуірінің тарихын кеңінен насихаттауда маңызды рөл атқара алады", - дейді Қазақстан Республикасы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Алексей Рогожинский.
© Photo : Сергей Васютин Балық-Сооккешенінің қоршауы
Оградка комплекса (курганы и оградки) Балык-Соок - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Балық-Сооккешенінің қоршауы
Электронды каталог пен карта ғылыми мақсатта ғана қолданылып қоймай, түркі әлемінің тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-көпшілік материалдар дайындауға негіз болады. Сол дәуірдің ескерткіштері туралы қалың жұртшылыққа кеңінен ақпарат беру мақсатында аса маңызды ескерткіштер бар баспа каталогын шығару жоспарланып отыр.
© Photo : Ярослав Фролов Балбалдар
 Балбалы на Балыктыюле - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Балбалдар
Ғалымдар ұсынған деректер бойынша Алтай тауындағы 70-ке жуық нысанды ерте түркі дәуіріне жатқызуға болады: қорымдар, қорғандар және петроглифтер. Түркіге дейінгі және ерте түркі ескерткіштері ерекше қызығушылық тудырады. Жүргізілген зерттеулер түркі қауымдастығының қалыптасуына келімсек көшпелілер де, Таулы Алтайдың түркіге дейінгі тұрғындары да қатысқанын түсінуге мүмкіндік береді.
© Photo : Ярослав Фролов Бичикту-Боом тауындағы петроглифтермен жұмыс барысы
Работы на комплексе петроглифов на горе Бичикту-Боом - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Бичикту-Боом тауындағы петроглифтермен жұмыс барысы
Алдағы уақытта түркі әлемінің барлық ескерткішін табу, тіркеу және есепке алу мақсатында басқа өңірлерге де экспедициялар ұйымдастыру жоспарланып отыр. "Үлкен Алтай: түркі мұрасы, Ұлаған-2022" – 2022 жылы Алтай мемлекеттік университетінің Алтайтану және түркітану ғылым және білім беру орталығы барлық түркі халықтарының тарихи отаны ретінде Үлкен Алтайдың түркі ескерткіштерінің бірыңғай виртуалды картасын дайындау және мониторингтеу мақсатында жүргізіп жатқан үш археологиялық экспедицияның бірі.
Жаңалықтар
0