Бос жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

© Photo : СС0 / klimkinАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Сондай-ақ бұрын тұрып қалған 1,8 млн гектар жерді иелері игеруге кіріскен.
"Осы жылдың өзінде министрліктің жер ресурстарын басқару комитеті республика бойынша 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан президенті жер мәселелерін тексеру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жұмысын едәуір жандандырған.
Сотрудница супермаркета в защитной маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Министр нан неге қымбаттағанын түсіндірді
Жаңалықтар
0