https://sputnik.kz/20221027/askeri-qyzmetshi-qazaqstan-rekordtar-kitaby-28806741.html
Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына енді
Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына енді
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек достары оған автокөлік сыйлады 27.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-27T09:45+0500
2022-10-27T09:45+0500
2022-10-27T09:45+0500
қоғам
рекорд
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28802556_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_cbbe6cea0427975c65ea538fa2a39a92.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Құрлық әскерлері әскери институтының "Әли" оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі, 3-сыныпты сержант Рауан Абылхановтың есімі Қазақстанның Рекордтар кітабына енгізілді.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші ультрамарафонды сәтті аяқтады. Ол "Әли" оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.Марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды."Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер", – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы."Бұл менің ғана емес, барлық әріптесімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым", – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов.Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28802556_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_68c9b8031d6bdef19b7d99b0ef979dfe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рекорд, әскери қызметкер
Әскери қызметші Қазақстанның Рекордтар кітабына енді
Бұдан бөлек достары оған автокөлік сыйлады
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Құрлық әскерлері әскери институтының "Әли" оқу-жаттығу орталығы қамтамасыз ету ротасы жауынгерлік көлігінің командирі, 3-сыныпты сержант Рауан Абылхановтың есімі Қазақстанның Рекордтар кітабына енгізілді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші ультрамарафонды сәтті аяқтады. Ол "Әли" оқу-жаттығу орталығынан Алматы облысының Шелек ауданы бағытында 350 шақырымды 47 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.
Марафоншыны мәре сызығында институт басшылығы, әріптестері, туыстары мен достары қарсы алды.
"Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 47 сағат 23 минутта межелі қашықтықты жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. Рауан өз мақсатына жетуде бар-күш жігерін аямаған нағыз жауынгер", – деді әскери институт бастығының бірінші орынбасары подполковник Жәнібек Сарғазин.
Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына он жылдан асыпты. Рекордсмен Алматыда және еліміздің Қарулы күштерінде өткен бірнеше марафондардың жеңімпазы.
"Бұл менің ғана емес, барлық әріптесімнің, туыстарымның, достарымның жеңісі. Олардың сенімі мен үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді салдым", – дейді 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов.
Марафоншының құрметіне өткен салтанатты жиында Қазақстан Рекордтар кітабының өкілдері оған тиісті сертификат табыс етті. Ал достары Kia Rio автокөлігін сыйға тартты.