https://sputnik.kz/20221026/zhumysynan-ayyrylgan-79-mynnan-astam-adam-aleumettik-tolem-aldy-28756962.html
Жұмысынан айырылған 79 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жұмысынан айырылған 79 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Sputnik Қазақстан
Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - не дейінгі мөлшерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T10:48+0500
2022-10-26T10:48+0500
2022-10-26T10:48+0500
қоғам
жұмыссыздық
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
АЛМАТЫ, 26 қазан - Sputnik. 79,4 мың адамға жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем төленді. Биыл 78,2 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік сақтандыру министрлігі. Жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - не дейінгі мөлшерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыссыздық, әлеуметтік төлем
жұмыссыздық, әлеуметтік төлем
Жұмысынан айырылған 79 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - не дейінгі мөлшерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады
АЛМАТЫ, 26 қазан - Sputnik. 79,4 мың адамға жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем төленді. Биыл 78,2 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік сақтандыру министрлігі.
Жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% - не дейінгі мөлшерде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
eGov.kz порталында тіркелу;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді.
Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.