Қоғам

ҰҚК арнайы операциясы: 282 келі есірткі тәркіленіп, 59 адам ұсталды

© Photo : КНБ РКАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі трафигінің халықаралық және аумақтық арналарын жойды.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ҰҚК шілде мен қазан аралығында есірткіге қарсы 36 арнайы операция өткізді. Соның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстандағы әріптестермен бірлесіп те жүргізілді.
"Есірткі трафигінің 11 халықаралық және 14 аумақтық арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын зертхана жабылды. Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымдарының 59 қатысушысы ұсталды",- делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткі, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш тәркіленді. Сондай-ақ айналымнан 861 "экстази" таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагент шығарылды.
ҰҚК халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша шараларды жалғастырады.
Жаңалықтар
0