Қоғам

Үлескерлердің мәселесі толығымен шешіледі – президент мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневВ Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП
В Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлескерлердің мәселесі толығымен шешілетінін мәлімдеді.
"Елімізде алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріледі. Үлескерлерді тығырыққа тіреген даулы үйлердің құрылысы түгел аяқталады", - деді Тоқаев президенттікке кандидаттың республикалық штабында.
Оның айтуынша, апаттық жағдайда тұрған және ескі баспананың 40 мыңға жуық иесі жаңа үйге кіреді.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит беру жалғасады. Мемлекет жаппай құрылыс алаңдарына инженерлік желілерді көптеп тартады. Еліміздің барлық елді мекенінде су болады. Ал коммуналдық желілердің тозу көрсеткіші 40 процентке төмендейді", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0