https://sputnik.kz/20221026/toqaev-auyl-sharuashylygy-ministrin-qabyldady-28799586.html
Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T20:43+0500
2022-10-26T20:43+0500
2022-10-26T20:43+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28798838_81:0:1091:568_1920x0_80_0_0_f23b5a4024b0e8ca0d526673a15180a9.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді. Министрдің айтуынша, жалпы өнім көлемі 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі. Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.Бұдан бөлек, президентке ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.Кездесу соңында мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28798838_207:0:964:568_1920x0_80_0_0_3e5765fd0f2319fcdeafc223509382fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді. Министрдің айтуынша, жалпы өнім көлемі 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі. Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.
Бұдан бөлек, президентке ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.