The Nature Conservancy 2022 фотобайқауының жеңімпаздары анықталды
The Nature Conservancy 2022 фотобайқауының жеңімпаздары анықталды
Sputnik Қазақстан
The Nature Conservancy халықаралық экологиялық ұйымы жыл сайынғы фотобайқау жеңімпаздарын жариялады. Жабайы табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға арналған... 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
Дәстүр бойынша қазылар алқасы жабайы табиғатта түсірілген суреттерді бағалады. Дауыс беру қорытындысы бойынша қытай фотографы Ли Пин бас жүлдені жеңіп алды. Қазылар алқасы Тибеттегі жаңбыр салдарынан топырақтың эрозияға ұшырауынан туындаған жол маңындағы ерекше "ағашқа" тәнті болды. Фотография саласындағы сарапшылар сонымен қатар жыртқыш аңның азулы аузындағы маймыл және анасының өлі денесіне жабысқан бала-маймыл бейнеленген суретке жоғары баға берді. Сирек кездесетін биолюминесцентті саңырауқұлақтар, балаларын емізіп отырған ақ аю, күзетші кесіртке және тағы басқа қызықты туындыларды суреттер топтамасынан көре аласыз.
The Nature Conservancy халықаралық экологиялық ұйымы жыл сайынғы фотобайқау жеңімпаздарын жариялады. Жабайы табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға арналған әсерлі суреттерді тамашалаңыз
Дәстүр бойынша қазылар алқасы жабайы табиғатта түсірілген суреттерді бағалады. Дауыс беру қорытындысы бойынша қытай фотографы Ли Пин бас жүлдені жеңіп алды.
Қазылар алқасы Тибеттегі жаңбыр салдарынан топырақтың эрозияға ұшырауынан туындаған жол маңындағы ерекше "ағашқа" тәнті болды.
Фотография саласындағы сарапшылар сонымен қатар жыртқыш аңның азулы аузындағы маймыл және анасының өлі денесіне жабысқан бала-маймыл бейнеленген суретке жоғары баға берді.
Сирек кездесетін биолюминесцентті саңырауқұлақтар, балаларын емізіп отырған ақ аю, күзетші кесіртке және тағы басқа қызықты туындыларды суреттер топтамасынан көре аласыз.
Маймылды қорек ету мақсатында аузына тістеп алып келе жатқан қабылан және анасының өлі денесіне жармасқан бала-маймылдың суреті "Қатыгез патшалық" деген атауға ие болды. Суретті Замбиялық фотограф шафик Мулла түсірген. Бұл туынды жабайы табиғаттық қаталдығын еш боямасыз суреттеп тұр.
Қытай фотографы Ли Пин "ағаш" бейнеленген суретімен бас жүлдені жеңіп алды. Ағаш түріндегі бұл жыралар жаңбыр салдарынан туындаған топырақ эрозиясы нәтижесінде қалыптасқан. Сурет Тибетте түсірілген.
Британ фотографы Ануп Шах түсірген "Морани және оның досы" атты сурет The Nature Conservancy 2022 байқауында "Жабайы табиғат" санаты бойынша бірінші орынды иеленді.
Поляк фотографы Януш Юрек түсірген "Демалыс" атты сурет. Зауыт кең аумақты алып жатқанына қарамастан, адамдар жағажайда демалуды жалғастырып жатыр. Фотограф бұл сурет арқылы индустрия адамдарды қалай ығыстырып жатқанын көрсеткісі келген.
Қараңғыда жарқырайтын биолюминесцентті саңырауқұлақтардың немесе "елес саңырауқұлақтардың" сирек кездесетін суреті. Сурет авторы – австралиялық Калли Чи. Мұндай саңырауқұлақтар Австралиядағы кейбір ормандарында кездеседі. Олар жылына бірнеше апта ғана жарқырап тұрады.
Норвегиялық фотограф Флориан Леду Ресейдің қараусыз қалған Пирамида елді мекенінің айлағында ұрғашы ақ аюдың екі жасар қонжықтарды емізіп отырған сәтін суретке түсіріп алды.
Америкалық фотограф Кристин Райттың "Өрімді өзен" атты суреті ашық түсті мұз шөгінділерінің компьютерлік графикаға ұқсас ерекше кескін қалыптастырып тұрғанын бейнелейді.