https://sputnik.kz/20221026/qyzylordada-auezhay-terminalynyn-zhana-gimaraty-salynady-28758161.html
Қызылордада әуежай терминалының жаңа ғимараты салынады
Қызылордада әуежай терминалының жаңа ғимараты салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қызылордада халықаралық мәртебеге ие жергілікті әуежайға жаңа ғимарат салынады жән бұл мақсатта бюджет қаражатын жұмсалмайды. 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T11:48+0500
2022-10-26T11:48+0500
2022-10-26T11:48+0500
өңірлер
қызылорда
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28754179_0:53:580:379_1920x0_80_0_0_93814567e73f8476650fa184fc5bae1c.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қызылордада халықаралық мәртебеге ие жергілікті әуежайға жаңа ғимарат салынады жән бұл мақсатта бюджет қаражатын жұмсалмайды. Қор жобаны толығымен қаржыландыруды жоспарлап отыр – бұл өңірге меценаттық көмек болмақ. Терминалды жобалау жұмыстары 2021 жылы басталды, жобалаушы – Нидерланды, Ресей, Түркия және Парсы шығанағы елдеріндегі әуежайларды жобалауда 20 жылдық тәжірибесі бар GMW Mimarlik түрік компаниясы. Қор қаржыландыратын жобаның құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі – 2023 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың қыркүйегі аралығын қамтиды. Жаңа әуежай ғимаратын салу кезінде 600 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жоба IATA (халықаралық әуе көлігі қауымдастығы), ІСAO (халықаралық азаматтық авиация ұйымы) және EDGE (ресурс тиімділігіне бағытталған экологиялық ғимараттарды сертификаттау жүйесі) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мұнда заманауи инженерлік жабдықтар мен архитектуралық шешімдер, экологиялық таза құрылыс материалдары қолданылады. Шыны витраждары бар екі қабатты терминалдың жалпы ауданы 7 500 шаршы метрді құрайды. Ғимарат сырты табиғи тас және қасбеттік панельдермен қапталады. Қасбеттердің әйнекті аумағында топсалы витраждар жүйесі орнатылып, қатты селективті жабыны бар қос камералы шыны терезелер қолданылады. Алюминий терезелер де қос камералы шыны терезелермен толтырылады. Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету секторлары, транзиттік жолаушыларға арналған зал, CIP-залдар (белгілі бір санаттағы жолаушыларды қарсы алуға/ шығарып салуға арналған жайлылығы жоғары залдар) қарастырылады. Сондай-ақ, Duty Free аймақтары, дәмханалар, сауда нүктелері, намазханалар, жүк сақтау орындары және тағы басқа орындар қамтылады. Он паспорттық бақылау кабинасы, телескопиялық трап, 2 эскалатор, 2 лифт, жүк конвейерлік таспа қарастырылады. Шекара және кеден қызметтері, фитосанитария және ветеринария, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және желілік полиция бөлімшелері қызметкерлері үшін мамандандырылған орындар ескерілді. Модернизациядан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады және бұл қазіргі жолаушылар ағынынан екі есе көп. "Қазіргі таңда демеушілердің қаржыландыруы арқасында ескі ғимараттың ішкі-сыртқы безендіру жұмыстары жүргізіліп, 100 миллион теңгеге жуық қаражатқа аула қалпына келтірілді. "Қорқыт-ата" әуежайы арқылы аптасына 21 рейс орындалады, оның ішінде 8 рейс Астанаға және 13 рейс Алматыға Air Astana, Qazaq Air және Fly Arystan авиакомпанияларымен орындалып жатыр", - деді облыстық әкімдіктегілер.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1a/28754179_4:0:577:430_1920x0_80_0_0_a77f35133413186093749a6eb2c937cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, әуежай
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Қызылордада халықаралық мәртебеге ие жергілікті әуежайға жаңа ғимарат салынады жән бұл мақсатта бюджет қаражатын жұмсалмайды.
"Болат Өтемұратов қоры "Қорқыт-ата" Қызылорда әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалының жобасын таныстырды. Еске салсақ, өткен жылдың 26 қазанында Қызылорда облысының әкімдігі, "Қорқыт-ата" әуежайы" АҚ және Болат Өтемұратов атындағы қор Қызылорда әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - деп хабарлады Қызылорда облысының әкімдігі.
Қор жобаны толығымен қаржыландыруды жоспарлап отыр – бұл өңірге меценаттық көмек болмақ.
Терминалды жобалау жұмыстары 2021 жылы басталды, жобалаушы – Нидерланды, Ресей, Түркия және Парсы шығанағы елдеріндегі әуежайларды жобалауда 20 жылдық тәжірибесі бар GMW Mimarlik түрік компаниясы.
Қор қаржыландыратын жобаның құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі – 2023 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың қыркүйегі аралығын қамтиды. Жаңа әуежай ғимаратын салу кезінде 600 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Жоба IATA (халықаралық әуе көлігі қауымдастығы), ІСAO (халықаралық азаматтық авиация ұйымы) және EDGE (ресурс тиімділігіне бағытталған экологиялық ғимараттарды сертификаттау жүйесі) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мұнда заманауи инженерлік жабдықтар мен архитектуралық шешімдер, экологиялық таза құрылыс материалдары қолданылады.
Шыны витраждары бар екі қабатты терминалдың жалпы ауданы 7 500 шаршы метрді құрайды. Ғимарат сырты табиғи тас және қасбеттік панельдермен қапталады. Қасбеттердің әйнекті аумағында топсалы витраждар жүйесі орнатылып, қатты селективті жабыны бар қос камералы шыны терезелер қолданылады. Алюминий терезелер де қос камералы шыны терезелермен толтырылады.
Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету секторлары, транзиттік жолаушыларға арналған зал, CIP-залдар (белгілі бір санаттағы жолаушыларды қарсы алуға/ шығарып салуға арналған жайлылығы жоғары залдар) қарастырылады. Сондай-ақ, Duty Free аймақтары, дәмханалар, сауда нүктелері, намазханалар, жүк сақтау орындары және тағы басқа орындар қамтылады.
Он паспорттық бақылау кабинасы, телескопиялық трап, 2 эскалатор, 2 лифт, жүк конвейерлік таспа қарастырылады. Шекара және кеден қызметтері, фитосанитария және ветеринария, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және желілік полиция бөлімшелері қызметкерлері үшін мамандандырылған орындар ескерілді.
Модернизациядан кейін әуежай сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсете алады және бұл қазіргі жолаушылар ағынынан екі есе көп.
"Қазіргі таңда демеушілердің қаржыландыруы арқасында ескі ғимараттың ішкі-сыртқы безендіру жұмыстары жүргізіліп, 100 миллион теңгеге жуық қаражатқа аула қалпына келтірілді. "Қорқыт-ата" әуежайы арқылы аптасына 21 рейс орындалады, оның ішінде 8 рейс Астанаға және 13 рейс Алматыға Air Astana, Qazaq Air және Fly Arystan авиакомпанияларымен орындалып жатыр", - деді облыстық әкімдіктегілер.