Қоғам

"Менің жүрегімнен шықты": Тоқаев сайлауалды бағдарламасының әр тармағын өзі жазғанын айтты

Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. . Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Тоқаев президенттікке кандидат ретінде халықтық коалицияның республикалық қоғамдық штабына барды.
"Мен ұсынып отырған бағдарлама "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" деп аталады. Оның әр тармағын өзім жаздым. Бұл бағдарлама менің жүрегімнен шықты деп айтсам, артық болмайды. Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру", - деді Тоқаев.
Сайлауалды бағдарлама үш қағидатқа негізделген.
Олар:
Әділетті мемлекет;
Әділетті экономика;
Әділетті қоғам;
"Ашығын айтайын, елімізде әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көп жүйелі проблемалар жиналып қалды, азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімсіздігі өсіп кетті. Бұның барлығы еліміздің тұрақты дамуын тежеп отыр, ұлтымыздың жасампаз мүмкіндігін шектеп жатыр. Енді, әділдік идеясы мемлекеттік саясатымызда ең басты идея болады. Біздің барлық ұлттық идеологиямыз Әділдік идеясына негізделеді", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, әділдік идеясы әрбір шешімде, ал адам мемлекеттің басты байлығы болады.
"Сол себепті біз "адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" формуласын берік ұстанатын боламыз", - деді президент.
Жаңалықтар
0