Былтыр қоғамдық көліктерді субсидиялауға 93 млрд теңге бөлінді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. 2021 жылы жергілікті әкімдіктер өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус бағыттарын субсидиялауға 93 млрд теңге бөлді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық (53 млрд теңге), ал 2018 жылы бөлінген қаражат көлемінен 5 есе жоғары (17 млрд теңге). Ал биыл аталған саланы субсидиялауға 113,5 млрд теңге қарастырылған. Қаржының басым бөлігін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері бөлген", – деп атап өтті Тілепов қоғамдық кеңестің отырысында.
Сонымен қатар құзырлы органдар субсидиялау механизміне бірқатар түзету енгізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан автомобиль конвентінің президенті Марат Берқалиевтің айтуынш, қоғамдық көлікке субсидия бөлу жұмысында бірқатар қордаланған мәселе бар.
"Субсидияны өңірлерге бірдей бөлу қажет. Бұл тозығы жеткен автобус парктерін жаңалауға, халыққа тиімді қызмет көрсетіп, тасымал сапасын арттыруға және қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге сеп болады", - деді Марат Берқалиев.
Айта кетері, қоғамдық көлікті субсидиялауға бөлінетін миллиардтар саны артқанымен, бір ғана Алматының іргелес жатқан елді мекендерінде автобус мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді.
Жаңалықтар
0