https://sputnik.kz/20221026/basshylardyn-aytqany---zan-toqaev-sheneunikterge-eskertu-zhasady-28771348.html
"Басшылардың айтқаны - заң": Тоқаев шенеуніктерге ескерту жасады
"Басшылардың айтқаны - заң": Тоқаев шенеуніктерге ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады 26.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-26T14:15+0500
2022-10-26T14:15+0500
2023-08-09T12:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
шенеунік
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28608864_0:0:3113:1751_1920x0_80_0_0_5641aaf1a9e7db5f0a701eb61764a897.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жұмысын бағалаудың баста көрсеткішін атады. Оның айтуынша, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. "Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. "Басшылардың айтқаны - заң" деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.Осы орайда президент мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібіне де тоқталды. Оған тек жоғары кәсіби және моральдық қарым-қабілеті бар адамдар ғана алынады. Ал мансаппен жоғарылау меритократия қағидаттарына негізделеді. "Біз президенттік жастар резервін қалыптастыруды жалғастыра береміз. Осылайша, барлық азаматқа – еліміздің кәсіпқой мамандары мен патриоттарына мемлекеттік қызметке түсуге мүмкіндік жасаймыз", - деді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28608864_151:0:2882:2048_1920x0_80_0_0_b93dc779d4abf050b0141ab886651ebb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шенеунік
қасым-жомарт тоқаев, шенеунік
"Басшылардың айтқаны - заң": Тоқаев шенеуніктерге ескерту жасады
14:15 26.10.2022 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023) Оның айтуынша, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жұмысын бағалаудың баста көрсеткішін атады.
"Мемлекеттік қызметшілер жалынды ұран мен жалаң сөзге үйір болмауға тиіс. Олар барынша тиімді әрі өнімді жұмыс істеуі қажет. Халыққа әдемі жоспарлардың қажеті жоқ. Әдемі баяндамалар да қажет емес. Жұрттың күтіп отырғаны – нақты шешімдер және нәтижелі жұмыс", - деді Тоқаев сайлауалды штабтың отырысында.
Оның айтуынша, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады.
"Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. "Басшылардың айтқаны - заң" деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Осы орайда президент мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібіне де тоқталды. Оған тек жоғары кәсіби және моральдық қарым-қабілеті бар адамдар ғана алынады. Ал мансаппен жоғарылау меритократия қағидаттарына негізделеді.
"Біз президенттік жастар резервін қалыптастыруды жалғастыра береміз. Осылайша, барлық азаматқа – еліміздің кәсіпқой мамандары мен патриоттарына мемлекеттік қызметке түсуге мүмкіндік жасаймыз", - деді мемлекет басшысы.