"Бананнан паразит табылды": желіде тағы бір жалған видео тарады

© Gabriela SandaБанан
Банан - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бананда "кішкентай құрттар" болуы мүмкін деген жалған видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
Желіде тараған видеоның түпнұсқасы @mir_glazami_microscopa Tik Tok аккаунтында жарияланған. Роликке ешқандай пікір жазылмаған. Алайда бұл аккаунтта мағынасы жағынан ұқсас видео көп. Біреуінде автор жүгерінің собығынан "паразит" табады. Одан кейін оны пісіріп, ештеңе болмағандай жеп алады.
Тағы бір видеода шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтайды. Шұжық туралы видеоның астында пікір жазылған. Мәтінде фейк туралы ашық айтылады.
Сондай-ақ парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы видеолар бар.
"Автордың "тәжірибе" қасақана бұрмаланғанын мойындағанын ескерсек, ол адамдарды алаңдату үшін құрттарды өзі салып, микроскоппен қараған деп пайымдауға болады. Яғни, бананан паразиттердің табылғанына ешқандай дәлел жоқ", - дейді Stopfake мамандары.
Автор жемістің қауіпті екеніне сендіру үшін видеоны монтаждаған.
Жаңалықтар
0