Астанада тұрақ ақысын төлеу тәртібі өзгерді

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Астанадағы ақылы автотұрақтарда кейін төлеу функциясы іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа қызмет автокөлік иелері үшін "Парковки Астаны" мобильді қосымшасында және astanapark.kz сайтының жеке кабинетінде қолжетімді.
"Енді көлік тұрағының ақысын түнгі сағат 23:59-ға дейін төлеуге болады. Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсетіп, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет. Төлемақы келесі күнге дейін жасалса, айыппұл салынбайды", - дейді "Парковочное пространство Астаны" ЖШС қызметкерлері.
Осы орайда мамандар абонемент қолдануға болатынын еске салды. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көлігін қоя алады. Тіркеу жүйесі төлемнің бар-жоғын автоматты түрде анықтайды. Ал жеңілдік берілген санаттағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін тұрақ тегін.
Ақылы тұраққа көлік қою ережесін бұзған азаматтарға 3 АЕК (9 540 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Демалыс пен мереке күндері автотұрақ тегін.
Ақылы тұрақтар таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0