РФ Бас штабы Украинаның атом бомбасына қатысты ақпарат ұсынды

© Gleb GaranichУкраинские военные. Архивное фото - рекар
Украинские военные. Архивное фото - рекар - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2022
Жазылу
Күні кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі Бас штабтың ақпараты негізінде атом бомбасына қатысты ресми баяндама жасады, деп жазды РИА Новости.
Бас штаб барлау қызметінің түрлі ақпаратына сүйене отырып, Украина "лас" атом бомбасын әзірлеуді аяқтағанын және жақын уақытта оны қолдануға рұқсат алғанын анықтады. Киев бұл ақпаратты жоққа шығарып, керісінше, Ресейді ядролық соққы жасауға дайындалып жатыр деп айыптады.
Жалпы, классикалық ядролық бомба дайындау үлкен уақытты, ғылымды және шығынды қажет етеді. Қазірдің өзінде санаулы мемлекет қана уранды қару күйіне дейін байытуға, сондай-ақ тактикалық және тсратегиялық жеткізу құралдарын дайындауға мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық әлеуеттің деңгейіне қол жеткізе алды. Ядролық қаруы бар мемлекеттер өз атом құпияларын қатаң бақылауда ұстайды және ябролық қаруы бар мемлекеттер тізімінің кеңеюіне барынша қарсылық танытады. Алайда, бұл Корей Халық Демократиялық Республикасына өз ядролық бағдарламасын әзірлеуге кедергі болған жоқ.
Өз кезегінде "лас" атом бомбасы қуатты ғылыми-өндірістік кластерді қажет етпейтініне байланысты әлсіз мемлекеттер үшін тартымды болып отыр. Радиациялық материалдар немесе қалдықтардың шағын қоры және қарапайым жеткізу құралы болса жеткілікті. Мысалы, кемеге қарсы зымыран аналогы. Бұл жағдайда зымыранның немесе артиллериялық снарядтың оқтұмсығы бөліну тізбегі реакциясын тудыру үшін емес, тек қауіпті заттардың таралуын барынша арттыру үшін қолданылады.
Өте қарапайым болғанымен бұл әдіс радиоактивті элементтердің шексіз ауқымын, соның ішінде жартылай ыдырау кезеңі жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарды құрайтын элементтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, уранды бомба жарылған аумақ адам баласы тұруға жарамсыз болып қалады және топырақ, сулы қабат пен өсімдік жамылғысы да алдағы мыңдаған жылға зақымдалады.
"Владимир Зеленскийдің Украина ядролық қару туралы ешқашан ойламағаны туралы мәлімдемесі жалған. Өйткені 2022 жылдың 19 ақпанында, яғни арнайы әскери операция басталар алдында өткен Еуропадағы қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында ол Киев ядролық соққы беру әлеуетін қалпына келтіруге қатысты құқығын сақтайтынын мәлімдеді. Арнайы операцияның келесі айларында ол батыстан Ресейге қарсы алдын ала ядролық соққы беруді талап етті", - деп жазды мақала авторы.
Арнайы әскери операция кезінде зымыран-бомбалы соққы жасау картасы Мәскеу әлі күнге дейін атомды қуат шығару процесіне қатысты бірде-бір қауіпті кәсіпорынға шабуыл жасамағанын көрсетеді. Ал Запорожье атом электр станциясына Украина әртүрлі артиллериялық жүйелерді пайдаланып 29 соққы жасаса, станцияға пилотсыз ұшатын аппараттардың көмегімен тағы он рет шабуыл жасалды. Атом электр станциясы аймағына Украина өзен десантының әскері төрт рет жасырын кіруге тырысты. Бірақ Ресей гвардиясының бөлімшелері тарапынан тосқауылға тап болды.
Батыс баспасөзінде Ресей тарапының мәлімдемесін бейтарап қарастыратын бірде-бір мақаланы табылмайды. Өйткені Батыс ресейлік қорғаныс министрлігінің кез келген уәжі мен фактісін жоққа шығарып отыр. Олардың пікірінше, қақтығысты шиеленістіру мақсатында Мәскеу тактикалық ядролық қарумен соққы беруге дайындалып жатыр.
РФ ядролық қару қолдануды көздеп отыр деп жазған журналистердің ешқайсысы Ресейге мұндай соққы не үшін қажет екені туралы дәлелді ой айта алмады. Луганск, Запорожье және Херсон облыстары толығымен дерлік, Донецк облысы жартысынан көбі азат етілді. Ресей әскері жаңа шекараларда берік орналасып, Украина армиясының шабуыл қарқынын тоқтатуға бағытталған тапсырмамен айналысып жатыр.
Автордың жазуынша, қазір Украина әскері Харьков облысындағы біршама жетістігінен кейін орнында тұралап қалды. Луганск облысын қайтару бойынша әскери міндеттер жоспар күйінде қалып қойды. Херсон мен Николаев даласындағы жағдай тіпті мүшкіл. Украина Қарулы күштерінің жедел шабуылға кірісу барысындағы шығынын барлық украин ресурсы мойындап отыр.
Жаңалықтар
0