https://sputnik.kz/20221025/prezident-qazaqstandyqtardy-respublika-kunimen-quttyqtady-28742429.html
Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы... 25.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-25T08:22+0500
2022-10-25T08:22+0500
2022-10-25T08:23+0500
президент
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15644702_134:0:1071:527_1920x0_80_0_0_3f6880303b45c5476e867c8f69c7163b.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтауында."Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке", - деді мемлекет басшысы.Ол Әділетті Қазақстанды құруға кіріскенімізді атап өтті. Ол біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттыратынын тілге тиек етті." Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын!", - деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15644702_251:0:954:527_1920x0_80_0_0_e1079f575a0b224cd42e24e8bb21b3a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, құттықтау
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтауында.
"Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке", - деді мемлекет басшысы.
Ол Әділетті Қазақстанды құруға кіріскенімізді атап өтті.
"Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз", - деді президент.
Ол біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттыратынын тілге тиек етті.
" Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын!", - деді президент.