Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-та гипердыбысты әскери техника өндірісі баяулады

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуЗапуск новейших гиперзвуковых ракет "Кинжал"
Запуск новейших гиперзвуковых ракет Кинжал - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2022
Жазылу
Америкалықтар жоғары технологиялық қару жасауда әлемдік көшбасшы рөлінен айырылды. Вашингтон гпиердыбысты техника саласында Мәскеу мен Бейжіңді қуып жетуге тырысқанымен, сегіз зымыран бағдарламасының миллиардтаған бюджеті табысқа кепілдік бермейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ-тың Raytheon қорғаныс компаниясының ғимаратында Конгресс мүшелері, АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері, әскери-өнеркәсіптік кешеннің жетекшілері және гипердыбысты қару саласындағы сарапшылар өткен аптада ұлттық қауіпсіздіктің болашағын талқылады. Олар негізінен Ресей мен Қытайдан гипердыбыстық зымыран өндірісінде кейіндеп келе жатқанына алаңдаушылық танытты. АҚШ-та гипердыбысты зымырандар, сондай-ақ қарсыластың гипердыбыстық аппараттарын тежеуге арналған бақылау және атуды басқару жүйелері жоқ.
Дыбыс жылдамдығынан бес немесе одан да көп есе жоғары жылдамдықпен ұшатын гипердыбыстық зымырандар АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Атап айтқанда, америкалық Ұлттық қорғаныс өнеркәсібі қауымдастығының Жаңа технологиялар институтының директоры Марк Льюис былай мәлімдеді: "Біз бүкіл әлем бойынша белгілі бір сценарий бойынша соғыс ойындарын жүргізген сайын АҚШ-тың гипердыбыстық мүмкіндіктері бар қарсыласпен бетпе-бет келген кезде жеңіліп жатқанын байқадық".
Бұған дейін Конгресстің зерттеу қызметі Ресей мен Қытайда "ядролық оқтұмсықпен жабдықталған гипердыбысты ұшу аппараты бар екенін, ал АҚШ мұндай бағдарламаларды әзірлеуге әлі кіріспегенін" атап өткен. Оның үстіне, Пентагонның гипердыбысты қаруды қолдану бойынша нақты анықталған міндеттері жоқ болуы ол өндірісті әзірлеуді қиындатады.
Тамызда АҚШ Raytheon компаниясының гипердыбысты зымыраны прототипінің соңғы тоғыз жылдағы үшінші сынағы сәтті өткенін жариялады. Шілдеде Гавайидегі сынақ тұтану жүйесіндегі ақауларға байланысты сәтсіз аяқталды. Мамырда AGM-183A зымыран үлгісі B-52H бомбалаушы ұшағынан ажырап, жылдамдығы шамамен 5 Мах-қа жететін төменгі шекпен ұшты.
АҚШ сегіз түрлі бағдарлама бойынша гипердыбыстық техниканы дамытуға тырысып жатыр және 2022 қаржылық жылында шамамен 4 миллиард доллар жұмсады. АҚШ армиясы 2023 жылдан ерте емес мерзімде 3000 километрге дейінгі қашықтыққа ұшатын LRHW мобильді гипердыбысты жүйесін алуды көздеп отыр. Бірақ көп сатылы күшейткіштер сынақ кезінде дұрыс жұмыс істемей тұр.
"АҚШ 2 700 километр қашықтыққа ұшатын теңізде орналастырылатын гипердыбысты зымыранды әзірлеуді 2024 жылдың көктемінде аяқтауды көздеп отыр. Анығында, америкалықтар бастапқы жеделдету технологиясын игерген жоқ, ал гипердыбысты жылдамдықта басқарылатын ұшу әлдеқайда күрделі мәселе", - деп жазды Хроленко.
Зымыран-ғарыш техникасы саласындағы әлем деңгейінде танымал ресейлік ғалым Герберт Ефремов АҚШ-та гипердыбысты соғыс зымыраны 20 жылдан кейін ғана пайда болады деп есептейді. Өйткені, артта қалу арақатынасы тым үлкен.
Ал Кортленд қаласында (Алабама штаты) әуеден ұшырылатын гипердыбысты зымырандарды құрастыратын Lockheed Martin зауыты пайда болды. Ол зымыранда күні бүгінге дейін сынақтан өтпеген. 2022 жылдың соңына дейін АҚШ Әскери-әуе күштері үшін AGM-183A ARRW 12 дана гипердыбысты зымыранын шығару жоспарланып отыр.
Айта кету керек, ресейлік гипердыбысты зымырандар 2016 жылдан бері сәтті ұшып жатыр. Әуедегі "Кинжалдар" 2018 жылдан бастап соғыс қызметіне кіріскен және сағатына 12 мың километрден асатын жылдамдықты пысықтап жатыр. "Авангард" кешені 2019 жылы жауынгерлік кезекшілікке түсті. Теңізге арналған гипердыбысты "Циркондар" 2022 жылы пайдалануға берілді.
Америкалық ғалымдар федерациясының мәліметі бойынша, Ресей әлемдегі ең көп ядролық оқтұмсықтарға ие – 5977. АҚШ арсеналы – 5428 дана. Сонымен қатар, "әлемдегі 12 700 ядролық оқтұмсықтың 9 400-ден астамы зымырандар, ұшақтар, кемелер мен сүңгуір қайықтардың пайдалануына арналған әскери қоймаларда жатыр".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0