https://sputnik.kz/20221025/alatau-zhastary-turgyn-uy-bagdarlamasy-bastalady-28737841.html
"Алатау жастары" тұрғын үй бағдарламасы басталады
"Алатау жастары" тұрғын үй бағдарламасы басталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімдігі мен Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. 25.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-25T09:00+0500
2022-10-25T09:00+0500
2022-10-25T09:00+0500
алматы облысы
баспана
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімдігі мен Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Оған сәйкес, 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындар жеңілдетілген ипотеке ала алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Алатау жастары" бағдарламасының негізгі шартына сәйкес, өтінім беруші Алматы облысының тұрғыны болу керек. Ал осы өңірде ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналары көрсетілген құжатпен растау қажет. Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы тиіс. Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал Отбасы банк өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша бағдарламаға қатысушыларды іріктейді. Сол кезде некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы есепке алынады. Сосын қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Банк қызметкерлері бағдарламадан өткен адамдарға өздері хабарласы, төлем қабілеттілігін растауға шақырады. Одан кейін баспананы табу қажет. Ипотеканың шекті сомасы - 10 млн теңге. Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асып кетсе, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады. Бағдарлама аясында жаңа тұрғын үй рәсімделсе, алғашқы жарна 0% болады. Ал екінші нарықтан алынған тұрғын үйді кредитке алу үшін 10% алғашқы жарна құю қажет. Ипотеканың сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5%-ға тең (ЖТСМ 5,2%). Мерзімі – 19 жыл.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, баспана
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Алматы облысының әкімдігі мен Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.
Оған сәйкес, 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындар жеңілдетілген ипотеке ала алады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Алатау жастары" бағдарламасының негізгі шартына сәйкес, өтінім беруші Алматы облысының тұрғыны болу керек. Ал осы өңірде ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналары көрсетілген құжатпен растау қажет.
Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүліктің болмауы тиіс. Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал Отбасы банк өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі.
"Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтініштер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, бір ай бойы қабылданады. Үміткерлер облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына өтініш берулері қажет", - делінген ресми хабарламада.
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша бағдарламаға қатысушыларды іріктейді. Сол кезде некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы есепке алынады.
Сосын қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Банк қызметкерлері бағдарламадан өткен адамдарға өздері хабарласы, төлем қабілеттілігін растауға шақырады. Одан кейін баспананы табу қажет. Ипотеканың шекті сомасы - 10 млн теңге.
Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асып кетсе, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады. Бағдарлама аясында жаңа тұрғын үй рәсімделсе, алғашқы жарна 0% болады.
Ал екінші нарықтан алынған тұрғын үйді кредитке алу үшін 10% алғашқы жарна құю қажет. Ипотеканың сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5%-ға тең (ЖТСМ 5,2%). Мерзімі – 19 жыл.