https://sputnik.kz/20221024/uydin-kireberisinen-qashyp-shyqqan-tonaushy-politseylerdin-qolyna-tusti-28736503.html
Үйдің кіреберісінен қашып шыққан тонаушы полицейлердің қолына түсті
Үйдің кіреберісінен қашып шыққан тонаушы полицейлердің қолына түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz. 24.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-24T20:00+0500
2022-10-24T20:00+0500
2022-10-24T20:00+0500
астана
ұры
https://sputnik.kz/img/786/87/7868727_0:182:3501:2151_1920x0_80_0_0_79b1d16d1ccffd9b7ceced7594f3231b.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz. Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті. Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған. Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді. Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды. Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта “Тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/87/7868727_194:0:3305:2333_1920x0_80_0_0_071bd453b018bbba5ea81494bf2f6b85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ұры
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған.
Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті.
Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған. Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді.
Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды. Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта “Тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.