Республика күніне орай қандай нысандар ашылады – үкімет тізімін жариялады

© Photo : Валерий БугаевБолее ста семей получили ключи от квартир в Экибастузе
Более ста семей получили ключи от квартир в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Биыл 25 қазан – Республика күні қайтадан ресми түрде тойланады. Барлық өңірде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы:
Қазығұрт ауылында - 150 оқушыға арналған жеке меншік мектеп;
Сарыағаш қаласында - 900 оқушыға арналған мектеп;
Ақсукент ауылында 1 200 балаға арналған жеке меншік мектеп;
Қарабұлақ ауылында - 400 балаға арналған жалпы білім беретін мектеп;
Ал Түркістан қаласының өзінде 500 орындық дарынды балаларға арналған мектеп және 200 балаға арналған мектеп-балабақша ашылады. Осы аймақта ірі мақта өңдеу зауыты мен кірпіш зауыты іске қосылды.
Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылған нысандар:
жылына 5 000 тонна қағаз өнімдерін шығаратын кәсіпорын;
1,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика;
3,5 тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасы;
Жамбыл облысында "Қазфосфат" ЖШС жаңа минерал тыңайтқыштар цехы ашылды. Ол жерде жылына 500 мың тонна аммофос өндіріледі.
Ал Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында көппәтерлі тұрғын үй мен балабақша ашылды.
Қарағанды облысы:
Қарағанды қаласында - 600 орындық аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы;
Теміртауда - жаңа емхана, мәдени-сауықтыру кешені мен көппәтерлі тұрғын үй;
Ақмола облысы:
Қоянды ауылында - отбасылық денсаулық орталығы;
Балкашино ауылында – жаңа стадион;
Маңғыстау облысында шыны-пластик бұйымдар, желім және қымтақ өндіретін зауыт, ал Қызылорда облысында спорт-ойын алаңдары, оқушылар сарайы, өнер мектебі, балабақша және дәрігерлік амбулатория ашылды.
Қостанай облысында отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, орман өртінен зардап шеккен азаматтардаға жаңа үйдің кілттері табысталды.
Абай облысының Степной кентінде барлық заманауи талаптарға сай келетін 300 оқушыға арналған жаңа оқу орны ашылды. Сонымен қатар, өңірлерде бірқатар әкімшілік, өндіріс, тұрғын үй, медицина, ауыл шаруашылығы, спорт және мәдени ойын-сауық нысандары пайдалануға беріледі деген жоспар бар.
Жаңалықтар
0