https://sputnik.kz/20221024/qazaqstanda-19-myn-qyzmetker-algash-ret-kasibi-merekesin-atap-otip-zhatyr-28734976.html
Қазақстанда 19 мың қызметкер алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Қазақстанда 19 мың қызметкер алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанның 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және... 24.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-24T15:21+0500
2022-10-24T15:21+0500
2022-10-24T15:21+0500
кітапхана
мереке
https://sputnik.kz/img/1186/42/11864286_0:195:2947:1853_1920x0_80_0_0_f694e8e09f378402f787f73839d00bf9.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанның 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Астанада өткен салтанатты жиында кітапханашы мамандарға "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, министрліктің кұрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды. Мәдениет және спорт министрі Дәурет Абаевтың айтуынша, Қазақстанда 70 миллион дана кітап қоры бар. Ал кіптапхана ісінің қажеттілігіне және кітапхана ісінің күрделілігіне ешкім күмән келтірмейді. Қазіргі кезде республика бойынша 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Соның 7 мыңнан астамы білім беру жүйесіне қарасты, 3 мыңнан астамы мәдениет және спорт саласына қарайды. "Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біз күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын. Сондықтан біз кітапхана ісін қолдайтын боламыз. Бұл біздің берік ұстанымымыз", – деп атап көрсетті Абаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1186/42/11864286_108:0:2839:2048_1920x0_80_0_0_139d6f51625ba4bdef3b5c71dfa9f7b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітапхана, мереке
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанның 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Астанада өткен салтанатты жиында кітапханашы мамандарға "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, министрліктің кұрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды.
Мәдениет және спорт министрі Дәурет Абаевтың айтуынша, Қазақстанда 70 миллион дана кітап қоры бар. Ал кіптапхана ісінің қажеттілігіне және кітапхана ісінің күрделілігіне ешкім күмән келтірмейді.
"Дегенмен қоғам арасында "кітапханалардың ғасыры аяқталды, олардың қызметі қағаз тасығыштар дәуіріндегі атавизм ретінде ескіреді, интернет пен цифрлық трансформация арқасында қоғамдық кітапхананың орнын бір ғана смартфон баса алады" деген сынды теріс пікірлер бар. Мен мұндай пікірмен түбегейлі келіспеймін. Жалпы, технологияға көзсіз табыну мен цифрға деген соқыр сенім біздің ұрпақтың санасын құндылықтарға терең бойлауға мүмкіндік бермей, адастырады деп санаймын", – дейді Абаев.
Қазіргі кезде республика бойынша 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Соның 7 мыңнан астамы білім беру жүйесіне қарасты, 3 мыңнан астамы мәдениет және спорт саласына қарайды.
"Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біз күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын. Сондықтан біз кітапхана ісін қолдайтын боламыз. Бұл біздің берік ұстанымымыз", – деп атап көрсетті Абаев.