https://sputnik.kz/20221024/ekibastuz-zhumbaq-zhagday-zhogalyp-er-adam-28731551.html
Екібастұзда он күннен бері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Екібастұзда он күннен бері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. 34 жастағы Денис Покотиленконың туыстары мен достары, еріктілер оның тірі екеніне үміттенеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 24.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-24T12:11+0500
2022-10-24T12:11+0500
2022-10-24T12:17+0500
өңірлер
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15450451_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_9cf29dfa8a43611d54ba216d0ec6fcf2.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. 34 жастағы Денис Покотиленконың туыстары мен достары, еріктілер оның тірі екеніне үміттенеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz."VITA" іздеу жасағы мәлімдегендей, бейнебақылау камераларына жоғалған күні ер адамның үйіне келе жатқаны түсіп қалған."Оны камералардың көмегімен тауып алдық. Сосын оның қай уақытта шыққаны түсініксіз. Камераларды қарап жатырмыз, әзірге ештеңе жоқ", – дейді павлодарлық "VITA" жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.Екібастұздық еріктілер ер адамды қайдан іздеу керектігін де білмей отыр. Олар тіпті Баянауылға да барып келген."Бүкіл жерден іздедік: гараждарды, саяжайларды қарап шықтық. Кинологпен де жүріп өттік. Өкінішке қарай, бұл ешқандай нәтиже бермеді", - деді іздеу координаторы Самал Дүйсенбаева.Еске салсақ, ер адам 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жоғалып кетті.Денис Покотиленконың бойы – 180-185 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара, дене бітімі орташа. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, оң жақ қасында кішкентай тыртық бар.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15450451_248:0:1784:1152_1920x0_80_0_0_55b91592495d77a2bc76726e0cbf5f1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар
Екібастұзда он күннен бері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
12:11 24.10.2022 (жаңартылды: 12:17 24.10.2022) АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. 34 жастағы Денис Покотиленконың туыстары мен достары, еріктілер оның тірі екеніне үміттенеді, деп хабарлайды
Pavlodarnews.kz. "VITA" іздеу жасағы мәлімдегендей, бейнебақылау камераларына жоғалған күні ер адамның үйіне келе жатқаны түсіп қалған.
"Оны камералардың көмегімен тауып алдық. Сосын оның қай уақытта шыққаны түсініксіз. Камераларды қарап жатырмыз, әзірге ештеңе жоқ", – дейді павлодарлық "VITA" жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Екібастұздық еріктілер ер адамды қайдан іздеу керектігін де білмей отыр. Олар тіпті Баянауылға да барып келген.
"Бүкіл жерден іздедік: гараждарды, саяжайларды қарап шықтық. Кинологпен де жүріп өттік. Өкінішке қарай, бұл ешқандай нәтиже бермеді", - деді іздеу координаторы Самал Дүйсенбаева.
Еске салсақ, ер адам 13 қазан күні баласын балабақшаға апарғаннан кейін жоғалып кетті.
Денис Покотиленконың бойы – 180-185 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара, дене бітімі орташа. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, оң жақ қасында кішкентай тыртық бар.