Спорт

Қазақстандық палуандар әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпонатында қазақстандық палуандар бірнеше медаль иеленді, деп хабарлайды Sports.kz.
125 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали, ал 61 келіде Асыл Айтақын еркін күрестен қола жүлдегер атанды.
Асыл грузин палуаны Рамаза Турманидзені жеңсе, Әлішер венгриялық Милан Корксогты тізе бүктірді. Жарысқа 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан.
Бұған дейін қазақстандық Дәулет Ергеш чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.
Жаңалықтар
0