Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
"Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Өңірлер
Президент қазақ-қытай шекарасындағы жағдайды тез арада реттеуді тапсырды
Жаңалықтар
0