https://sputnik.kz/20221023/qostanay-oblysyndagy-alapat-ort-zardap-shekkender-zhana-uyge-kirdi--video-28723357.html
Қостанай облысындағы алапат өрт: зардап шеккендер жаңа үйге кірді – видео
Қостанай облысындағы алапат өрт: зардап шеккендер жаңа үйге кірді – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қостанай облысында орман өртінен кейін үйсіз қалған адамдарға жаңа баспананың кілті табысталды. Әрбір отбасы 100 шаршы метрлік... 23.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-23T16:25+0500
2022-10-23T16:25+0500
2022-10-23T16:26+0500
өрт
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/17/28721905_1:0:600:337_1920x0_80_0_0_95fd941ae0c02cae2a1823b77941086c.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қостанай облысында орман өртінен кейін үйсіз қалған адамдарға жаңа баспананың кілті табысталды. Әрбір отбасы 100 шаршы метрлік коттеджде тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.Зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа шағын аудан тұрғызылды. Ол "Бірлік" деп аталды. Әрбір коттеджде төрт бөлме бар.Осы орайда журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске алды. Мемлекет басшысы әрбір үйге қажетті заттар – ас үй, ыдыс-аяқ пен теледидар қойылады деген. Ал әкімдік газ плитасын, тоңазытқыш және қол жуғышпен ғана шектелген. Газ тартылған. Бірақ әзірге жаңа үйде тұру мүмкін емес. Себебі жиһаз, ыдыс-аяқ пен теледидар жоқ. Залға тек кілем мен жастық жиынтығын ғана сыйлық ретінде қойыпты."Біз үйді енді көріп жатырмыз. Алдында телефонмен ғана көрдік. Бізге ұнады. Екі ай бойы үй жалдап тұрғанбыз. Ақысын әкімдік төледі. Азық-түлікпен, киім-кешекпен де қамтамасыз етті. Міне, енді өз үйімізге кіріп отырмыз", - дейді жаңа ауданның тұрғыны Тамара Митрович.Ауданға кіреберіс жерде шағын балалар алаңы жабдықталған. Полиция бекеті де салынды.Айта кетері, Бірлік ауылына көшіп келгендердің басым бөлігі – Аманқарайдың тұрғындары. Өрт кезінде ол ауылдың барлық үйі жанып кетті.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/17/28721905_76:0:525:337_1920x0_80_0_0_ff463f5d4105dacbd82685ad3ad262a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, қостанай облысы
Қостанай облысындағы алапат өрт: зардап шеккендер жаңа үйге кірді – видео
16:25 23.10.2022 (жаңартылды: 16:26 23.10.2022) АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қостанай облысында орман өртінен кейін үйсіз қалған адамдарға жаңа баспананың кілті табысталды. Әрбір отбасы 100 шаршы метрлік коттеджде тұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Наша Газета"
порталына сілтеме жасап.
Зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа шағын аудан тұрғызылды. Ол "Бірлік" деп аталды. Әрбір коттеджде төрт бөлме бар.
Осы орайда журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске алды. Мемлекет басшысы әрбір үйге қажетті заттар – ас үй, ыдыс-аяқ пен теледидар қойылады деген. Ал әкімдік газ плитасын, тоңазытқыш және қол жуғышпен ғана шектелген. Газ тартылған. Бірақ әзірге жаңа үйде тұру мүмкін емес. Себебі жиһаз, ыдыс-аяқ пен теледидар жоқ. Залға тек кілем мен жастық жиынтығын ғана сыйлық ретінде қойыпты.
"Біз үйді енді көріп жатырмыз. Алдында телефонмен ғана көрдік. Бізге ұнады. Екі ай бойы үй жалдап тұрғанбыз. Ақысын әкімдік төледі. Азық-түлікпен, киім-кешекпен де қамтамасыз етті. Міне, енді өз үйімізге кіріп отырмыз", - дейді жаңа ауданның тұрғыны Тамара Митрович.
Ауданға кіреберіс жерде шағын балалар алаңы жабдықталған. Полиция бекеті де салынды.
Айта кетері, Бірлік ауылына көшіп келгендердің басым бөлігі – Аманқарайдың тұрғындары. Өрт кезінде ол ауылдың барлық үйі жанып кетті.