Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Photo : Акимат Мангистауской областиВ Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қазан айының көрсеткіші бойынша 13 362 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері Қазақстанға қоныс аударған қандастардың жартысынан астамын Өзбекстаннан келген азаматтар құрайды (68,7%), ҚХР-10%, Түркіменстан 7,9%, Моңғолия 4,6%, басқа елдерден 8,8% этникалық қазақ көшіп келген.
Олардың көпшілігі Алматы облысы мен қаласына орналасқан. Сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Астана және Шымкент қалаларында қоныстанды. Этникалық қазақтардың еңбекке қабілеттісі 58,9% - ті, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% - ті және зейнеткерлер 13,7% - тіқұрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша жоғары білімдісі -13,2%, ал 38,9% - і арнайы орта білімді, 46% - іжалпы орта білімді және 1,8% - інің білімі жоқ.
Жаңалықтар
0