Тоқаев Путинге құттықтау хат жолдады

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым
Президент РФ В. Путин провел переговоры с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды, – деп жазылған құттықтау хатта.
Тоқаев Ресей Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі екенін атап өтті. Әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал етеді.
"Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді", - деп түйіндеді президент.
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Путин Тоқаевты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығымен құттықтады
Жаңалықтар
0