https://sputnik.kz/20221022/tazhikstanda-uqshu-oqu-zhattygulary-ayaqtaldy-28709015.html
Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталды
Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шекара – 2022" оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады 22.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-22T21:13+0500
2022-10-22T21:13+0500
2022-10-22T21:13+0500
ұқшұ
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/16/28704342_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_6e4cc19636dbef1f1c16902f3284b130.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Тәжікстандағы "Харбмайдон" полигонында Орталық Азия өңірінің "Шекара – 2022" Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігі.Оқу-жаттығу барысында Қазақстанның десанттық-шабуылдаушы күштерінің бөлімшелері ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттерінің өкілдерімен бірлесіп, заңсыз қарулы жасақтарды жою бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларының кешенін пысықтады. Ведомствода атап өткендей, әскери қызметшілер іс-қимылды бейтаныс таулы аймақта орындады.Қазақстан мен Тәжікстанның роталық тактикалық топтарынан құралған біріктірілген айналма жасағы жау бөлімшелерінің жолын кесті.Қазақстандық десантшылар елді мекенге ойдағыдай басып кіріп, заңсыз қарулы құрамаларға әскери техникалардан, ату қарулары мен гранатометтерден соққы жасады. Содырлар тобын жойып, әскери қызметшілер межелі орынға тұрақтады."Харбмайдон" полигонындағы тәжірибелік іс-шараларға Орталық Азия аймағындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері, бірлескен штабтың жедел топтары мен ұйым хатшылығы қатысты.Оқу-жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 1000-ға жуық адамды құрады. Іс-шараға 300-ден астам әскери, арнайы және авиациялық техника, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/16/28704342_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_667cc7b39e04ed82daa68f76365f9162.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, оқу-жаттығулар
Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталды
Қазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шекара – 2022" оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Тәжікстандағы "Харбмайдон" полигонында Орталық Азия өңірінің "Шекара – 2022" Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігі.
Оқу-жаттығу барысында Қазақстанның десанттық-шабуылдаушы күштерінің бөлімшелері ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттерінің өкілдерімен бірлесіп, заңсыз қарулы жасақтарды жою бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларының кешенін пысықтады. Ведомствода атап өткендей, әскери қызметшілер іс-қимылды бейтаныс таулы аймақта орындады.
Қазақстан мен Тәжікстанның роталық тактикалық топтарынан құралған біріктірілген айналма жасағы жау бөлімшелерінің жолын кесті.
Қазақстандық десантшылар елді мекенге ойдағыдай басып кіріп, заңсыз қарулы құрамаларға әскери техникалардан, ату қарулары мен гранатометтерден соққы жасады. Содырлар тобын жойып, әскери қызметшілер межелі орынға тұрақтады.
"Харбмайдон" полигонындағы тәжірибелік іс-шараларға Орталық Азия аймағындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері, бірлескен штабтың жедел топтары мен ұйым хатшылығы қатысты.
Оқу-жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 1000-ға жуық адамды құрады. Іс-шараға 300-ден астам әскери, арнайы және авиациялық техника, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.