Талдықорғандағы қазылған қабірлер жайлы видеоға полиция түсініктеме берді

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуҚиратылған зират, архивтегі фото
Қиратылған зират, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 қазан – Sputnik. Талдықорғанда православие зиратындағы қазылған қабірлердің видеосы жұртты дүрліктірді. Полиция қабірлерді қорлау фактісін растады.
Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Өтенай ауылының іргесіндегі зиратта түсірілген делінген видео жарияланды. Кадр сыртындағы әйел белгісіз біреулер қабірлерді қазып кеткенін айтады. Видео қала тұрғындарын дүрліктірді, олар полицейлерден мән-жайды тез арада анықтауды талап етті.
Полицейлер оқиға орнына барып, көп ұзамай аталған фактіні растады. Ведомствоның мәліметінше, Еңбек ауылының маңында орналасқан зираттағы үш қабір бүлінген.
"Қабірлерді жануарлар қазған болуы мүмкін деген болжам бар. Барлық нұсқа Қылмыстық кодекстің 314-бабының бірінші бөлігі (Өлгендердің мәйітін және олардың қабірін қорлау) бойынша тіркелген қылмыстық істің аясында тексеріледі", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство болған жайт туралы марқұмның туыстары мен жақындарына хабарланғанын атап өтті. Сондай-ақ полиция тергеу нәтижелерін жариялауға уәде берді.
Жаңалықтар
0