Ресейдің Қазақстандағы елшісі екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАлексей Бородавкин
Алексей Бородавкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Ресей мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасы 30 жыл ішінде қалай дамығаны және екі ел арасындағы тауар айналымының қалай артып жатқаны туралы айтып берді.
"Ресей мен Қазақстан осы жылдар ішінде одақтас әрі интеграциялық серіктеске айналды. Бұл жай сөз емес, бұл іс жүзінде расталып отыр. Ресей мен Қазақстан арасында ХХІ ғасырдағы мәңгілік достық туралы келісім бар. Бұл аздап жаттанды сөзге ұқсауы мүмкін, бірақ шын мәнінде солай. Ресей Қазақстанның тұрақты, тату көрші және сенімді серіктесі болып қала беруіне мүдделі", - деді Алексей Бородавкин "Мир" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында.
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке – шамамен 25 миллиард долларға жеткенін атап өтті.
"Биыл, небәрі алты айдың ішінде біз 16 миллиард доллар деңгейіне жеттік. Биыл былтырғы рекорд жаңарады деп сеніммен айтуға болады. Қазақстандағы ресейлік инвестиция саласындағы көрсеткіштер өте жоғары. Тек жарты жылдың ішінде Ресей юрисдикциясынан шамамен 900 миллион доллар келді", - деді Алексей Бородавкин.
"Бұл Ресей ғана Қазақстанға инвестиция салып жатыр деген сөз емес. Ресейге Қазақстаннан 5,5 миллиард доллар жинақталған инвестиция салынды. Қазақстанның Ресейде жүзеге асырып жатқан ірі жобаларының бірін мысал ретінде келтірейін – бұл Чукоткадағы Баимское кен орны, оған шамамен 8 миллиард доллар салынып жатыр", - деп түйіндеді Алексей Бородавкин.
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Путин Тоқаевты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығымен құттықтады
Жаңалықтар
0