Қазақстанға жақын әскери қойма жарылды – видео

© Photo : пресс-служба ДЧС Акмолинской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанмен шекаралас жерде орналасқан әскери қоймада жарылыс болды. Төтенше жағдай Өзбекстанның Сырдария облысында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.
Әскери қойма Малик елді мекенінде орналасқан. Бүгін таңғы сағат 4:55-те қойма аймағында қатты жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі ол жерде қандай заттар сақталғанын әлі хабарлаған жоқ.
Ал әлеуметтік желіде тараған видеода жарылыстың дыбысы анық естіліп тұр.
Жарылыстың қатты болғаны сонша, жақын жердегі үйлердің терезесін сынып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0