Қоғам

Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл: ынтымақтастық нығайып келеді

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
ХІХ ғасырда екі елді не біріктіреді? Стратегиялық серіктестік, экономика мен мәдениет саласындағы ірі жобалар туралы толығырақ материалда

Тәуелсіз Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы

Бүгін, 2022 жылдың 22 қазанында Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр.
Осы уақыт ішінде екі мемлекет жүзжылдықтарға бағытталған тату көршіліктің арқасында барлық салада, атап айтқанда, саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау мен мәдениетте табысты ынтымақтастық орната алды.

Ресей мен Қазақстанды қандай бірлестіктер байланыстырады

"Ресей-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы КСРО-ның ыдырауымен тығыз байланысты", - деді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин.
"Сол кезеңде Қазақстанның қандай ұстанымда болғанын еске түсіргім келеді: ол Беловеж келісімін мойындамады, күні кеше одақтас болған республикалардың көбінің басшыларын Алматыға жинап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құруды талап етті. Бастапқыдан-ақ жас республика ТМД-ны посткеңестік кеңістіктің өзара тығыз байланысын сақтау және дамыту құралы ретінде қарастырды.
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) құрудың бастамасында тұрды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) құруға бастамашы болды және осы күнге дейін одақты жан-жақты нығайту үшін белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деді Ресей елшісі.

Ресей мен Қазақстан 2022 жылы бір-біріне қолдау көрсетті

Биылғы жыл бүкіл планета үшін күрделі болып отыр. Себебі, 2022 жыл жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастырып жатыр.
Дәл осы жылы Ресей мен Қазақстан стратегиялық әріптестік пен мызғымас достық туралы сөздің бос емес екенін көрсетті.
2022 жылдың қаңтарында, яғни мүдделі тараптар мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген Қазақстан үшін қиын кезеңде Ресей ҰҚШҰ құрамында Алматыдағы қантөгісті тоқтату және республикадағы тәртіпті орнату үшін жедел шаралар қабылдады.
Ал Қазақстан Ресейге қатысты қатаң санкция енгізілген наурыз айынан бастап Ресей Федерациясына жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуді белсенді түрде арттырды. Бұған статистика дәлел бола алады: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында смартфондар жеткізілімі 2 000 есе, процессорлар жеткізілімі 121 есе өсті.
Сонымен қатар, Қазақстан Ресейге банк карталарына арналған чипі бар smart-карталарды жеткізе бастады: бұрын мұндай тауарды мүлде жеткізбегеніне қарамастан, биыл 400 мыңға жуық дана Ресейге жеткізген.
"Біз Қазақстанмен болашаққа оптимистік көзқараспен қараймыз" - Лавров
Ресейдің сыртқы істер министрі екі елдің арасына жік түсіруге тырысқанымен, бұл жүзеге аспайтынына сенімді.
"Қазіргі өзара сенім деңгейі біздің елдеріміздің алдында туындаған тіпті ең қиын мәселелерді де ашық талқылауға және оларды шешудің өзара қолайлы жолдарын келісуге мүмкіндік береді", - деді Сергей Лавров Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай "Международная жизнь" журналында жарық көрген мақалада.
Қазір Қазақстан мен Ресей экономика, білім, мәдениет салаларында белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД жанынан орыс тілін қолдау және сүйемелдеу бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастама көтеріп, осы жаһандық жобаға қатысты өз көзқарасын мәлімдеді.
"Біз Франкофонияның оң тәжірибесін пайдалана отырып, БҰҰ үлгісі бойынша халықаралық ұйым құруды көздеп отырмыз", - деді Тоқаев Астанада өткен ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында.
Франкофония –құрамына 88 мемлекет кіретін француз тілді елдердің халықаралық ұйымы. Ұйым өз мүшелерін француз тілін сүйемелдеуде ғана емес, сонымен қатар олардың саясаты мен экономикасын дамытуда қолдау көрсетеді.
Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының мәртебесін арттырды және ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылып жатыр.
Жаңалықтар
0