https://sputnik.kz/20221022/qazaq-tili-memlekettik-til-prezident-28690496.html
Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады – президент
Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады – президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру жұмысы жалғаса беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды... 22.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-22T10:23+0500
2022-10-22T10:23+0500
2022-10-22T10:23+0500
қоғам
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/979/15/9791508_0:0:1925:1082_1920x0_80_0_0_c3a91b2f7cc4b36654ccdccc54d2ac23.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру жұмысы жалғаса беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.Президент жуырда "Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін" деп айтқанын еске салды."Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды", - деп атап өтті ол.Айтуынша, осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес, дейді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/15/9791508_126:0:1569:1082_1920x0_80_0_0_a19d833a6601fd423fad76d9afe9fd0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі
Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады – президент
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру жұмысы жалғаса беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді", - деді Тоқаев Ақордада Республика күніне орай өтіп жатқан мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде.
Президент жуырда "Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін" деп айтқанын еске салды.
"Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды", - деп атап өтті ол.
Айтуынша, осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес, дейді Тоқаев.